Оқиғалар мен іс-шаралар

2023 жылдың 25 тамыз күні Аудандық балалар кітапханасы №7 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен «Жаздың ең жақсы күні» атты сурет салу сайысы өткізілді.
Аталған іс — шараның мақсаты – оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет салуғa деген ынталарын арттыру.
Іс-шараға Атбасар аудандық филиалының «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Жақышева Назгүл қатысты. Кітапханашы Б. Омарова сайыстың кезеңдерімен таныстырды. Сайыста «Бояулар» және «Қарындаштар» топтары өз өнерлерін көрсетті және «Жаз» мезгілі туралы суреттер салды, әр – түрлі ойындар ойнады. Іс – шара соңында әділқазы алқасы мүшелері қатысушыларды алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады, «Жайдары жаз» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»