Оқиғалар мен іс-шаралар

«Денсаулық қызметіндегі кітап»

26.01.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасында Салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты сақтау мақсатында «Денсаулық қызметіндегі кітап» атты денсаулық сағаты өткізілді. Іс-шараға 10-13 жастағы балалар шақырылды. Кітапханашы балаларды салауатты өмір салтының ережелерімен таныстырды.Сонымен қатар «жақсы және жаман әдеттер» викторинасы өткізілді. Сондай-ақ, оқырмандардың барлық топтары үшін кітапханада «Денсаулықты сақта» атты кітап көрмесі безендіріліп, онда салауатты өмір салтын ұсынудың, жаман әдеттермен күресу және спорт туралы әдебиеттер рәсімделді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»