Оқиғалар мен іс-шаралар

«Табиғат сыйы және мәңгілік еңбек»

01.02.2024 ж.Мариновка ауылдық балалар кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, драматург С.Жүнісовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Табиғат сыйы және мәңгілік еңбек» атты әдеби портрет өтті.
Сәкен Жүнісов 1934 жылы 1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы, Қызыл-Ту ауылында дүниеге келген. Шығармашылық қызметін студенттік жылдарынан бастады. Жазушының алғашқы шығармалары балаларға арналған. Жүнісовтің алғашқы кітабы 1959 жылы, «Сонарда» әңгімелер жинағы, келесі жинағы «Әже мен дәрігер» және «Кімнің баспанасы жақсы» суретті кітабы екі жылдан кейін жарық көрді. Оқырмандардың назарын аударып, орыс тіліне аударылған «Даладағы үй» романы 1965 жылы жарық көрді. 1967 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында С.Жүнісовтың «Өлімнен де күшті» пьесасы бойынша спектакль қойылды. Жазушы аудармашылықпен де айналысқан, С.Цвейг, О.Гончар, П.Федоров, т.б. авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Парасат» орденімен марапатталған.
Іс-шараның мақсаты: Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының шығармаларын оқуға деген қызығушылықтарын ояту.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»