Оқиғалар мен іс-шаралар

«Еліміздің басты заңы»

Қазақстан Республикасының Конституция Күні қарсаңында Орталық аудандық балалар кітапханасы коворкинг орталығында қала мектептерінің оқушылары үшін «Еліміздің басты заңы» атты іс-шаралар циклін өткізді. Іс-шараның мақсаты балаларға ҚР Негізгі заңы ретінде Конституция туралы түсінік беру. Өз мемлекетіне және мемлекеттік рәміздеріне заңға мойынсұнушылық пен құрмет сезімін тәрбиелеу. Отансүйгіштік сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Іс-шара барысында ұлдар мен қыздар мерекелік күнмен танысып, елдің басты заңы мен бала құқығының әліпбиін талқылады. Сонымен қатар, олар өз пікірлерін білдіріп, «Заңсыздық патшалығы» ертегісін жалғастырды. Іс-шаралар циклі балалардың Конституция күніне арналған мерекелік плакаттарды бояуымен аяқталды.

instagram

facebook

vk.com

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»