«Менің сүйікті кітабым»
27.03.2024 ж. Мариновка ауылдық балалар кітапханасы «Менің сүйікті кітабым» атты панорамалық көрмесін ұйымдастырды. Кітапханада оқу әдебиеттері, жас және орта жастағы балаларға арналған балалар кітаптары, басқатырғыштар мен ребустар бар кітаптар қойылған «Читай-город» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы балалармен кітап және кітап оқудың адам өміріндегі маңызды рөлі, кітап оқудың бізге беретін түрлі эмоциялары туралы, қағаз басылымдардың электронды кітаптардан артықшылығы туралы әңгімеледі.
Оқырмандарымызға сүйіп оқитын кітаптары ұсынылды. Балалар оқығандары туралы өз әсерлерімен бөлісті: кітаптардан оларды қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап табуға болады.
Мақсаты: өз бетінше оқуға қызығушылықты ояту, кітапты білім көзі ретінде қабылдауға үйрету.