Оқиғалар мен іс-шаралар
«Кім қандай ертегіде өмір сүреді?»
27.03.2024 ж. Полтавка ауылдық кітапханасы Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында «Кім қандай ертегіде өмір сүреді?» атты әдеби викторина ойынын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: балалардың таныс ертегілер туралы білімдерін кеңейту, көркем әдебиетті оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, балаларда қуанышты, эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру .
Ойын барысында балалар қандай ертегілерді және қандай ертегі кейіпкерлерін білетіні анықталды .
Олар викторинаны сұрақ-жауаптан бастады, ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар шешті, кітаптардың үзіндісінен кейіпкерлерді таныды, суретте бейнеленген кейіпкерге белгілерді таңдады, «кесілген ертегі» тапсырмасын орындады.