Оқиғалар мен іс-шаралар

«Күлуге болады»

Ең көңілді, жалынды мереке – әрине, 1 сәуірде тойланатын күлкі мерекесі. Сәуірдің күлкі күнін әзілсіз елестету мүмкін емес.
Мариновка ауылдық үлгі кітапханасында «Біз және біздің шыққан тегіміз» клубының мүшелерімен «Күлуге болады» атты күлкі сағаты өткізілді.
Шара барысында кітапханашылар бұл мерекенің тарихына тоқталды. Клуб мүшелері викторинаға, сайыстарға, ойындарға белсене қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»