Оқиғалар мен іс-шаралар

«Туған ауылым – тірі тарихым»

29.04.2024 жылы Новомариновка ауылдық кітапханасында Новомариновка ауылының құрылғанына 70 жыл толуына арналған «Туған ауылым – тірі тарихым» атты өлкетану сағаты өтті.
Мақсаты: кішкентай Отанына, өскен жеріне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту. Кітапханашының әңгімесінен шараға қатысушылар ауылдың тарихи өткені, шығу тегі мен атауы туралы мағлұмат алды. «Олар бірінші», «Ауыл тарихынан» атты стендтерімен танысты. Ақ-қара фотосуреттерге қарап, балалар туыстарын, достарын және таныстарын таныды. Фотосуреттерде бейнеленген ғимараттардың көпшілігі қазіргі заманғы келбетке ие болды.Жиналғандарға «Тың өлкелеріне!» театрландырылған қойылымы көрсетілді. Туған ауылы туралы тақпақтар, әндер шырқалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»