«Халықтарды біріктірген ел»
30.04.2024 жылы Покровка ауылдық кітапханасымен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Халықтарды біріктірген ел» атты патриоттық сағат өткізілді.
Мақсаты: адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
— әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеу;
— Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу: оның әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері.
Кітапханашы бірлік Күні мерекесінің тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы айтып берді. Қазақстан халқының Бірлігі күні ұлты мен дініне қарамастан барлық қазақстандықтардың достығының, бірлігі мен жасампаздығының символына айналғаны туралы айтылды. Жүргізушінің сөздері Достық, Отан, Қазақстан туралы өлеңдерді орындаумен кезектесіп отырды. Іс-шара барысында балалармен викторина өткізіліп, заттардың қай ұлтқа қатысты екенің тауып алу керек болды.