Оқиғалар мен іс-шаралар

«Елдің күші – халық бірлігінде»

30.04.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Елдің күші – халық бірлігінде» этнографиялық сағаты өткізілді.
Мақсаты: азаматтық пен патриотизм сезімін қалыптастыру; Қазақстанда тұратын халықтар туралы түсінік қалыптастыру, мерекенің мәдениетімен, дәстүрлерімен және тарихымен таныстыру. Іс-шара басында балалар мереке тарихымен, Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлерімен және қонақжайлылығымен танысты. Содан кейін достық туралы мақал-мәтелдер еске алынып, өлеңдер айтылып, «Біз біргеміз» викторинасына қатысты. Сондай-ақ кітапханада барлық оқырмандар топтары үшін «Елдің күші – халық бірлігінде» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»