Оқиғалар мен іс-шаралар

«Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында»

03.05.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасында 10-14жас аралығындағы балалармен Жеңіс күніне арналған «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында» атты еске алу сабағы өтті. Мақсаты: отансүйгіштік сезімін, өз еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз халқының батырлық өткенін сақтау. Кітапханашы Батырлар — Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың жеңістері туралы айтып берді. Содан кейін балалар «Соғыс туралы не білеміз» атты әдеби викторинасына қатысты. Сондай-ақ, оқырмандар «Қазақстандықтар — Ұлы Отан соғысының Батырлары» атты кітап көрмесімен танысты.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»