Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ерлік пен намыс»

04.05.2024 жылы Новомариновка ауылдық кітапханасында «Ерлік пен намыс» атты Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған ақпараттық минут өткізілді.
Мақсаты: — балалардың Қазақстан армиясының құрылуы, оның қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерін бекіту. Отан қорғаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Кітапханашы мерекенің қалыптасу тарихын айтып, Қазақстан армиясы туралы көптеген қызықты деректер айтты.
«Ел қорғау – ер ісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасу тарихы туралы, Қазақстанның ежелгі дәуірден егеменді Қазақстанға дейінгі әскери тарихын баяндайтын кітаптар қойылған.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»