Оқиғалар мен іс-шаралар

«Соғыс туралы кітаптар оқимыз»

04.05.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасында Жеңіс күніне орай «Соғыс туралы кітаптар оқимыз» атты акциясы өткізілді. Іс -шараға 10-14 жастағы оқырмандар белсенді қатысты. («ізденімпаздар» клубы). Балалардың оқуы үшін безендірілген «Соғыс туралы кітаптарды оқимыз», «Ұлы Жеңіс жолдары» атты кітап көрмелерінен кітаптар ұсынылды, онда Ұлы Отан соғысы туралы үздік кітаптар қойылған. Өз еліміздің тарихы туралы көп білуіміз үшін біз тарихи өткеніміз туралы кітаптарды көп оқуымыз керек. Мақсаты: оқушылардың Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін кеңейту; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне, соғыс батырларына құрметпен қарауды қалыптастыру; өз халқына, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу; оқуға деген қызығушылықты ояту.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»