Оқиғалар мен іс-шаралар

«Отан қорғаушы қандай болу керек»

04.05.2024 жылы Сочинское ауылдық кітапханасында Отан қорғаушылар күніне орай «Отан қорғаушы қандай болу керек» атты патриоттық сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты-балалардың Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерін бекіту. Отан қорғаушыларға құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Кітапханашы мерекенің қалыптасу тарихын айтып берді, балалар Қазақстан армиясы туралы көптеген қызықты фактілерді білді. Балалар викторина сұрақтарына жауап беріп, өздерінің үздік қабілеттерін: шығармашылық және спорттық қасиеттерін, тактикасын көрсете отырып, байқауларға белсенді қатысты.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»