Оқиғалар мен іс-шаралар

«Бүгін ұландар – ертең қорғаушылар»

06.05.2024 ж. Мариновка ауылдық балалар кітапханасы (Отан қорғаушылар күніне орай) қазақ орта мектебінде «Бүгін ұландар – ертең қорғаушылар» атты патриоттық сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: балалардың бойында патриоттық, азаматтық сезімдерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, олардың болашақ Отан қорғаушылары екенін жеткізу. Патриоттық сағатқа 7-сынып оқушылары шақырылды. Кітапханашы мерекенің құрылу тарихын қысқаша айтып берді. Шара барысында оқушылар «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа» қай жылы қол қойылды, Қазақстан армиясы қандай әскерлерден тұрады, армияда қызмет етуге ниет бар ма? деген сұрақтарға жауап берді, т.б.. Көрмеге шолу жасалды. Естелік үшін суретке түстік.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»