Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ұмытылмас ұлы ерліктер»

06.05.2024 жылы Сочинское ауылдық кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Ұмытылмас ұлы ерліктер» атты еске алу кеші өтті. Мақсаты-оқырмандардың Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін кеңейту, патриоттық тақырыптағы әдебиеттерді оқуға назар аудару. Іс-шарада кітапханашы іс-шараға қатысушыларға Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктері туралы айтып берді. Сондай – ақ, балалар қарапайым сарбаздар мен атақты маршалдар, тыл еңбеккерлері мен батыл партизандар-туған жерінің тыныштығы мен бақыты үшін бар күшімен күрескендері туралы білді және «Ерлікке тағзым «атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»