Оқиғалар мен іс-шаралар
«Әлемдегі жалғыз ана»
10.05.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасы Қазақстандағы Аналар күніне арналған «Әлемдегі жалғыз ана» кітапханалық сағатын өткізді. Мақсаты: Анаға деген құрмет, сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Басында кітапханашы оқырмандарды мерекенің пайда болу тарихымен таныстырды. Олар ана туралы мақал-мәтелдерді,өлеңдерді еске алды. Н. Некрасов, С.Есенин, А. Ахматова, М. Жұмабаев, А. Байтұрсыновтың өлеңдерін дауыстап оқыды. Сондай-ақ, кітапханада оқырмандардың барлық топтары үшін «Ана махаббатының нұры» атты кітап көрмесі дайындалды.