Оқиғалар мен іс-шаралар
«Ана деген сөзден қымбат сөз жоқ!»
12.05.2024 жылы Ақан Құрманов атындағы ауылдық кітапханада «Ана деген сөзден қымбат сөз жоқ!» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Кітапханашы мен балалар анаға арналған тақпақтар оқыды, сонымен бірге ана, бала, отбасы туралы жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді еске түсірді. Іс-шараның соңында қатысушылар өздерінің ерекше аналары туралы айтып және ананың әрқашан дені сау және бақытты болуы үшін оны көбірек қуантуға тырысу керек және оны ренжітпеу керек деп қорытындылады.