«Аналар — нәзік жандар»
13.05.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасы мен АМҮ бірлесіп биылғы жылы аналар мерекесі аталып өтуіне байланысты «Аналар — нәзік жандар» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Кітапханашы мен АМҮ-нің меңгерушісі аналарымызды аталған мерекемен құттықтап сөз сөйледі.
Аталған іс шараға ауылымыздың көп балалы аналары Жүнісова Сатен, Шахметова Гүлнәр, Морозова Зина апайлар қатысты.
Көп балалы аналарымыз, өздерінің отбасылары туралы әңгімелерін дөңгелек үстел басында айта отырды.
Ақ жаулықты аналарымыз, өздері бала тәрбиесімен бірге қоғамда жұмыс атқарып, ұл қыздарына жақсы тәрбие бергендері туралы айтты, осы күні немере сүйіп оларға ұлтымыздың салт дәстүрлерін дәріптеп жүргендерін айтты.
Іс шараға қатысқан аналарымыздың ішінде алтын алқа иелері де бар, олар Жүнісова Сатен апай мен Шахметва Гүлнәр апай, бүгінгі күні ауылымыздың ақ жаулықты әжелері және белсенді «Әжелер» тобының мүшелері.
Мақсаты: ақ жаулықты аналарымызды құрметтеу, сыйлау сонымен қатар анаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.