«Баубек — еліміздің батыр ұлы»
21.05.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасы жалпы оқырмандар тобына арнап ҰОС батыры Баубек Бұлқышевтың туғанына 108 — жыл толуына орай «Баубек — еліміздің батыр ұлы» атты тарихи сағат өткізілді.
Кітапханашы: оқырмандарды Баубек Бұлқышевтың өмір баяны туралы мағлұматтармен таныстырды.
Баубек Бұлқышев 1916 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дүниеге келген әкесі Бұлқыш, руы найман.
Қарсақпайдағы ФЗО мектебін бітірген (1932ж -1934 ж).
Алматы сауда — қаржы техникумында оқи жүріп 1937-жылы көптеген өлең, «Балалық шақ» поэмасын, «Ауылдан Алматыға» атты әңгімесін жазды.1939 жылы «Лениншіл жас» (кәзіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер болды.
«Қазақстан пионері» (кәзіргі «Жас Ұлан» газетінде бөлім меңгерушісі болған.
Баубек Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға алғашқы күндерден 1940 жылдан әскер қатарына шақырылды да Мәскеу әскери училищесіне шақырылды.
Оның соғыстағы отаншылдық ерлігі ата дәстүрінің жалғасы іспетті.
Ол ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсем сөз шебері, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды.
1944-жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.
Мақсаты: жалпы жазушы Баубек Бұлқышевтың ерліктерімен таныстыру, жазушылық қызыметімен бірге шығармаларын оқу.