«Сағадат Нұрмағамбетов – ұлт мақтанышы»
24.05.2024 ж. Мариновка ауылдық балалар кітапханасында С.Қ.Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сағадат Нұрмағамбетов – ұлт мақтанышы» атты тұлғаның портреті өтті. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов – кеңестік және қазақстандық әскери қолбасшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы армиясының генералы. 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы, Ақмола уезі, Алексеевская болысының Трудовое ауылында туған. Еңбек жолын 7-сыныпты бітірген соң колхозда саятшылық оқу бөлмесінің меңгерушісі болып бастады. 18 жасында (1942) Қызыл Армия қатарына шақырылып, әскери училищеге жіберіледі. 1943 жылы сәуірде оқуды аяқтап, командир шенінде 1945 жылдың мамырына дейін соғысты. 1945 жылы 27 ақпанда қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және ерлігі мен қаһармандығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. С.Нұрмағамбетовтың одан арғы тағдыры әскери іспен байланысты болды. Сағадат Қожахметұлы өзінің әскери жолы мен Қарулы Күштер қатарындағы көп жылғы қызметі туралы «Отпен бетпе-бет», «Менің майданым», «Естеде тыныштық жоқ» кітаптарында әңгімелейді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі және Армиясының Тұңғыш генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының әскери-тарихи мұрасын насихаттау.