Оқиғалар мен іс-шаралар
«Елдің тағдырлы рәміздері»
2024 жылдың 4 маусымында Полтавка ауылдық кітапханасы АҮМ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай оқырмандардың барлық топтары үшін «Елдің тағдырлы рәміздері» көрме-шолуын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Оқырмандардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жинақтау, мемлекеттік рәміздердің мәнін түсінуге жағдай жасау, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Кітапханада «Елдің тағдырлы рәміздері» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің егемендігі мен бірлігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі екендігі түсіндірілді.
Балалармен «Қазақстанның рәміздері» викторинасы өткізілді.