Оқиғалар мен іс-шаралар

«Тәуелсіз мемлекеттің Рәміздері»

04.06.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасында ҚР Мемлекеттік рәміздеріне «Тәуелсіз мемлекеттің Рәміздері» патриотизм сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: патриоттық тәрбие беру; Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімді тереңдету; балаларды Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Кітапханашы біздің мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі өзінің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын алу болғанын атап өтіп, оқырмандарды ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылдану тарихымен таныстырды. Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан рәміздерінің құрылу тарихымен, ҚР Мемлекеттік рәміздері мерекесінің тарихымен таныстыратын кітап және мерзімді басылым материалдары, Түрлі-түсті иллюстрациялар ұсынылды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар «Менің Отаным-Қазақстан» викторинасына қатысты.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»