Оқиғалар мен іс-шаралар

«Мемлекеттік рәміздер – елдің рухани рәміздері»

04.06.2024 жылы Покровка ауылдық кітапханасымен «Арман» мектеп жанындағы лагерінің балаларына ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – елдің рухани рәміздері» атты патриоттық сағаты өткізілді.
Мақсаты: балалардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін тереңдету.
Іс-шара барысында кітапханашы еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қалыптасуы мен қабылдану тарихын айтып, мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі өз Туын, Елтаңбасын және Әнұранын табу екенін атап өтті. Кітапханада «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»