Оқиғалар мен іс-шаралар

«Сиқырлы Пушкин әлеміне саяхат»

06.06.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасында барлық оқырмандар тобына арнап, жазғы оқу және демалыс бағдарламасы аясында орыстың біртуар ақыны, әлемдік поэзияның беделді өкілі Александр Сергеевич Пушкиннің туған күніне орай «Сиқырлы Пушкин әлеміне саяхат» атты калейдоскоп ойынын өткізді және кітап сөресін рәсімдеді.
Кітапханашы; Іс шарада А.С.Пушкинге 225 — жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығы туралы айта кетті.
«Жас оқырмандар» тобы А.С.Пушкиннің бірнеше шығармаларынан үзінділер оқып, тақпақтарын айтып, ертегілер кейіпкерлерінің суреттерін салып, калейдоскоп ойынының сұрақтарына белсенді жауап берді.
Іс шараға белсене қатысқан балалардың саны 10- оқырман.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарының санын арттыру, оқырмандарға қызықты және мазмұнды шығармаларды көптеп ұсыну.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»