Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ұлы даланың Ұлы есімдері»

11.06.2024 Мариновка ауылдық балалар кітапханасында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша, құрылғанына 800 жыл толуына орай «Ұлыс Жошы – заман тарихы» атты тарих сағаты өтті . Кітапханашы Ұлыс Жошының қалыптасу тарихын айтып берді. Алтын Орда немесе Ұлыс Жошы – 13 – 15 ғасырлардағы Орталық Еуразиядағы көпұлтты мемлекет. Орта ғасырдағы ең ірі мемлекет. 1224 жылдан – Ұлыс Моңғол империясының құрамында. 13 ғасырдың екінші жартысында бөлінгеннен кейін егеменді мемлекет болды. XV ғасырдың ортасына қарай Жошы Ұлысы бірнеше дербес хандықтарға ыдырап кетті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан тарихына қызығушылықты дамыту, Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»