Оқиғалар мен іс-шаралар
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
12.06.2024 ж. Мариновка ауылдық балалар кітапханасы отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, олар орын алған жағдайда тиімді шешу жолдарын анықтау, заң нормаларын, адам құқықтары мен бостандықтарын, әркімнің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар екенін түсіндіру.