Оқиғалар мен іс-шаралар
«Әкем бәрін жасай алады»
14.06.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасында 7-9 жастағы балалармен халықаралық әкелер күніне орай «Әкем бәрін жасай алады» атты танымдық сағат өтткізілді.
Мақсаты: өз отбасына, туыстарына және жақындарына құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал ету, әкесі мен атасы үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. Балалар әдеби викторинаға және «Менің әкем ең жақсы адам!» суреттер байқауына қатысты.
Сондай-ақ, кітапханада оқырмандардың барлық топтары үшін «Барлығы отбасынан басталады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.