Оқиғалар мен іс-шаралар

«Қазақ халқының бұлбұлы»

05.01.2022 жылы Покровка ауылдық кітапханасымен «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында онлайн – режимде Қазақстан және КСРО Халық әртісі, әнші Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Қазақ халқының бұлбұлы» атты музыкалық кеші дайындалды. Мақсаты: көрнекті әншінің өмірлік және шығармашылық жолын еске түсіру, патриотизм сезімін, Отанға, өнерге, музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Кітапханада «Әндегі сұлулық» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде әншінің шығармашылық жолын қадағалайтын фотоальбомдар, кітаптардан, мерзімді басылымдардан алынған фотосуреттер ұсынылған.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»