Оқиғалар мен іс-шаралар

«Туған өлкеміз, біз сіздермен мақтанамыз!»

28.06.2024 жылы Сочинское ауылдық кітапханасында патриоттық тәрбие және өлкетану бойынша іс-шаралар өткізу аясында » Туған өлкеміз, біз сіздермен мақтанамыз!» атты өлкетану кеші өткізілді. Мақсаты тың игеру ұғымын ашу, нан мен астық жинаушылардың еңбегіне ұқыпты қарауға баулу, тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысушылардың Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін көрсету. Кітапханашы астық жинаушылардың жұмысы, тың жерлерді игеру және алғашқы тыңшылар туралы айтып берді. Нан туралы өлеңдер, мақал — мәтелдер айтылды, «Тарих парағынан»атты слайд-презентациясы ұсынылды, қатысушылар ауылдың тарихи өткені, оның шығу тегі мен атауы, тың игеруге адамдардың қосқан үлесі туралы көптеген қызықты фактілерді білді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»