Оқиғалар мен іс-шаралар

«Домбыраның сиқырлы әлемі»

01.07.2024 жылы Сочинское ауылдық кітапханасы Домбыра күніне арналған «Домбыраның сиқырлы әлемі» атты экспресс — шолуын дайындады. Мақсаты-ұлттық музыкалық аспаптарға, қазақ халық шығармашылығы мен әдет-ғұрпына танымдық қызығушылықты қалыптастыру, салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Кітапханашы домбыра – Қазақ халқының ұлттық кодының ажырамас бөлігі, ежелгі заман шежіресі екендігі туралы ақпарат дайындады. Оқырмандар ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру идеясы үшін халықты, қоғамды біріктіруге арналған мерекенің тарихы мен аңыз туралы білді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»