Оқиғалар мен іс-шаралар

«Астана бейбітшілік және достық қаласы»

05.07.2024ж. ҚР астанасы күнін мерекелеу аясында Борисовка ауылдық кітапханасында «Астана бейбітшілік және достық қаласы» атты танымдық экскурсиясы өтті. Іс-шараға қатысушылар 8-10 жастағы балалар («Читайка»клубы).
Мақсаты: Елордамыздың көрікті жерлері туралы білімдерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу. Кітапханашы балаларды Елордамыздың көрікті жерлерімен таныстырып, қаланың панорамасы бойынша бейне презентация мен иллюстрацияланған кітаптар көрсетті. Балалар «Астана-Қазақстанның астанасы»атты әдеби викторина мен суреттер байқауына қатысты.
Сондай-ақ кітапханада «Астана — бейбітшілік пен достықтың қаласы» атты кітап көрмесі дайындалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»