Оқиғалар мен іс-шаралар
«Шабыт беретін өлке»
2024 жылдың 15 шілдесінде Сепе ауылдық кітапханасында «Туған жер» жобасы бойынша «Шабыт беретін өлке» атты өлкетану сағаты өтті. Оқырмандар Ақмола облысына қысқаша экскурсия жасады. Бір кітаптан екінші кітапқа саяхат жасай отырып, балалар туған өлкенің неге бай екенін білді, туған жердің тарихы мен табиғатымен тереңірек танысып, оның көрікті жерлерін көрді. Іс-шараның мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншілікті, қайталанбас табиғатқа мақтаныш сезімін дамытуға ықпал ету.