Оқиғалар мен іс-шаралар

«Денсаулық-зор байлық»

19.07.2024 жылы Ақан Құрманов ауылдық кітапханасы «Денсаулық-зор байлық» (салауатты өмір салты) денсаулық сағатын өткізді.
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау және балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу.
Іс-шара барысында кітапханашы әр адамның өз денсаулығына жауапты екенін, сондықтан жас кезінен бастап спортпен шұғылдану өте маңызды екенін айтты. Бағдарлама өте көңілді болды. Балалар түрлі байқауларға белсенді қатысты. Доппен және арқанмен эстафетада командалар ептілік, жылдамдық, команда ретінде әрекет ету қабілеттерін көрсетті. Барлық кезеңдер қарқынды күресте өтті. Балалар сергектік пен жақсы көңіл-күй алды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»