Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ұлы Абай шығармашылығы»

02.08.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасында бір топ оқырмандармен «Ұлы Абай шығармашылығы» атты әдеби портрет өткізіп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.10 тамызда қазақстандықтар қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай күнін атап өтеді.
Мақсаты: Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру, оқырмандар арасында рухани бейбітшілікті дамыту, Отандық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты тәрбиелеу.
Іс-шарада кітапханашы оқырмандарды Ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар Абайдың Қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»