Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ертегілердің сиқырлы ағашы»

7.08.2024 жылы Есенкелді ауылдық кітапханасында балалар демалысы жазғы оқылымдар бағдарламасы бойынша кітапханада «Ертегілердің сиқырлы ағашы» атты әдеби ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: балаларды қазақ халқының ауызша халық шығармашылығымен таныстыру; ертегілерді оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.
Іс-шарада балалар қазақтардың ауызша халық шығармашылығымен танысты. Олар қандай қазақ ертегілерін білетінін есіне алып, кітаптармен танысты. Содан кейін қазақ халық ертегілері мен олардың кейіпкерлерін білуге арналған викторинаға белсене қатысты. Дұрыс жауаптар үшін олар ағашты безендірген жапырақтарды алды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»