«Сыбайлас жемқорлық және қоғам өміріндегі бюрократия»
2024 жылдың 13 тамызында Сепе ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық және қоғам өміріндегі бюрократия» атты әңгіме өтті. Сыбайлас жемқорлықтың себептері – Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының төмендігі. Заңдарды білмеу. Жеңіл ақшаға деген ұмтылыс. Әртүрлі лауазымдардағы адамдардың жиі ауысуы. Елдегі тұрақсыздық. Сыбайлас жемқорлық — әдет. Халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі. Жұмыссыздық.
Әңгіме барысында оқырмандар сыбайлас жемқорлықтың ел экономикасының дамуына үлкен қауіп төндіретінін анықтаған кітап көрмесімен танысты. Оқырмандар А.Ағыбаевтың «Қылмыстық құқық», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түссіндірме», Е.Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», И.Борчашвилидің «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық шаралары» ерекше қызығушылықпен қарады . Оқырмандар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы пайдалы ақпарат алды.