Оқиғалар мен іс-шаралар
«Жастар нашақорлыққа қарсы»
2024 жылдың 13 тамыз күні Садовый ауылдық кітапханасы Жастар күніне арналған «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты профилактикалық акциясын дайындады. (салауатты өмір салтын тәрбиелеу)
Мақсаты: нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыс тәжірибесімен, осы қызметтің қазіргі формалары мен әдістерімен таныстыру.
Акция барысында «Есірткіге «Жоқ» деңіз!», «Балаңыз есірткіге тәуелді болмайды, егер…», «Аңыз және шындық» атты жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Флайерлер салауатты өмір салты және зиянды әдеттер мен есірткінің ағзаға әсері туралы ақпарат береді.