Оқиғалар мен іс-шаралар

«Кітап оқы!»

26.08.2024ж. Орталық аудандық балалар кітапханасында «Кітап оқы!» атты кітапханалық сабақ өтті. Көбінесе біз бәріңізге: «Кітапсыз өмір сүру мүмкін емес»деп айтамыз. Сіздерге мүмкіндігінше көп оқу керек, оқу есте сақтау қабілетін жақсартады, сөйлеуді дамытады, тәрбиелі, мейірімді, адал болуға көмектеседі деп сендіреміз. Кітапханашы кітаптың қалай жасалғаны және бүгінгі күнге дейін жеткені, кітапханада қандай іс-шаралар өткізілетіні, буккроссинг жұмысы және оны қалай пайдалану керектігі туралы ақпарат берді. Ертегілер, өлеңдер, шығармалар үзінділері бойынша викторина дайындады. Кітап оқудың пайдасы және компьютерге тәуелділікке түспеу үшін не істеу керектігі туралы әңгіме жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»