Оқиғалар мен іс-шаралар
«Ата — Заңды құрметтеу парыз»
27.08.2024 жылы Тимашёвка ауылдық кітапханасы жалпы оқырмандар тобына арнап Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата — Заңды құрметтеу парыз» атты дөңгелек үстел өткізді.
Кітапханашы: жалпы оқырмандарға Конституцияның қабылдануы туралы айта кетті.
30-шы тамыз -Конституция қабылданған күн. 1995 жылы республикалық референдумда бұл күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып жарияланды.
Елдің негізгі Заңы саяси тұрақтылық пен ұлтаралық достықтың кепілі болды.
Мақсаты: Қазақстан. Республикасының негізгі Заңы ретінде Конституция туралы түсінік беру, Заңға бағынуға және өз мемлекетіне құрметпен қарауға шақыру.