Оқиғалар мен іс-шаралар
«Конституция — мемлекеттіліктің айнасы»
28.08.2024 жылы Есенкелді ауылдық кітапханасында ҚР Конституциясы күніне арналған «Конституция — мемлекеттіліктің айнасы» атты құқықтық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: адамгершілікті, мемлекеттілікті және патриотизмді қалыптастыру; елдің басты заңы туралы білімдерін тереңдету.
Іс-шара барысында балалар Заң елі туралы аңызды тыңдап, Қазақстанда алғашқы Конституцияның пайда болу тарихымен танысты.
Содан кейін ҚР Конституциясының заңдарын білуге белсенді қатысты.