Оқиғалар мен іс-шаралар

«Даналық қазынасына қош келдіңіз»

29.08.24ж. Орталық аудандық балалар кітапханасында «Даналық қазынасына қош келдіңіз» атты экскурсия өткізілді. Мақсаты – оқырмандардың ой-өрістерін дамыту, қазақ, орыс және шетел классикалық әдебиетін танымал ету, зейінділік, жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу. Кітапханашы кітап оқудың пайдасын айтып, балалармен кітап туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді. Шығармалар бойынша «Ертегінің авторы мен кейіпкерін еске түсіріңіз» атты әдеби викторина көңілді және еркін өтті. Шараға қатысушылар кітапхана ғимаратының алдындағы алаңға шығып, кітап пен оқу туралы афоризмдер мен нақыл сөздер жазылған түрлі-түсті шарларды ұшырды. «Әлем халықтарының ертегілері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара аяқталды, бірақ кітап өмірдің мәніне айналған жандар үшін кітапхана есігі әрқашан ашық.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»