Оқиғалар мен іс-шаралар
«Біздің парызымыз — заңды құрметтеу»
29.08.2024 жылы Садовый ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Біздің парызымыз — заңды құрметтеу» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: оқырмандарды ҚР Конституциясымен, негізгі ережелерімен, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Іс-шара барысында қатысушылар Конституцияның құрылу тарихымен, сондай-ақ еліміздің басты заңындағы өзгерістер мен толықтырулармен танысты. Қатысушылардың назарына «Ұлық тұтар — ұлы заң » атты кітап көрмесі ұсынылды.