Оқиғалар мен іс-шаралар
«Конституция – ұлттық мұра»
29.08.2024 ж. Мариновка ауылдық үлгілі кітапханасы тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция – ұлттық мұра» атты тарихи іс-шара дайындады.
Мақсаты: мемлекетіміздің конституциялық негіздері туралы білімдерін кеңейту, Конституцияны Негізгі Заң ретінде білу қажеттілігі туралы түсініктерін дамыту, өз Отанына деген мақтаныш сезімін, құрмет пен сүйіспеншілікті, заңдарды құрметтеуге, тәрбиелеу.
Шара барысында жүргізуші балаларды еліміздің негізгі заңымен таныстырып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылап, Қазақстанның рәміздерін еске түсірді.
Мемлекеттің негізгі заңын білу және сауатты қолдану – өркениетті өмірдің нормасы, оның сапасын арттырудың ең маңызды шарты екенін білдік.