«Адал азамат тәрбиеленген отбасы»
Отбасы — сыйластық пен тыныштық, махаббат, бірлік орнаған орта, кішкентай Отан.Отбасы, махаббат және адалдық күнінде әрбір отбасына өзара түсіністік, сыйластық, шынайы қамқорлық пен шынайы махаббат тілейміз. Шаңырақтарыңызға береке, шаттық пен тыныштық тілейміз.
09.06.2024 Мариновка ауылдық үлгілі кітапханасы Отбасы күніне арналған «Адал азамат тәрбиеленген отбасы» челленджіне қатысты.
Мақсаты: отбасы құндылықтарына құрметпен қарауды, сүйіспеншілікті, адалдықты, жауапкершілікті, отбасының бірге өмір сүретін, бір-бірін сүйетін, бір-біріне қамқор болатын адамдар ретіндегі идеясын қалыптастыру. Балаларды әдептілікке, жақындарына қамқор болуға тәрбиелеу.
Челленджге белсенді өмір салтын ұстанып, көптеген іс-шараларға қатысатын Крыжный отбасы қатысты. Олар бірнеше рет марапаттармен, бағалы сыйлықтармен танылып, ауыл тұрғындарының құрметіне ие.