«Ана тілі мақтанышым»
6.09.2024ж. Орталық аудандық балалар кітапханасында «Қарлығаш» балабақшасының мектепке дейінгі тобының балаларына арналған «Ана тілі мақтанышым» атты акциясы өткізілді.Бұл күні кітапханаға танымал қазақ ертегілерінің кейіпкері Алдар көсе қонаққа келді. Ол балаларға тосын сыймен 4 сиқырлы тақия дайындады.
Тақияда әр халықтың заттары болды, ал балалар қай ұлтқа жататынын қызығушылықпен болжады. Осылайша, олар Қазақстанда қандай халықтар өмір сүріп жатқанын, ұрпақтардың бірегейлігі мен сабақтастығын жоғалтпауға мүмкіндік беретін бірегей мәдениеті мен тілі бар екенін білді.
Аталған іс-шараның мақсаты-балаларды Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесімен, әртүрлі халықтардың мәдениетімен: халық әндері, ойындар, музыка, ұлттық костюмдермен таныстыру.Музыкалық әсерлерді байыту, әртүрлі халықтардың мәдениетіне деген қызығушылықты тәрбиелеу, әртүрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсетуге үйрету.