Оқиғалар мен іс-шаралар
«Отбасы және отбасылық құндылықтар»
09.09.2024 ж. Новомариновка ауылдық кітапханасы Отбасы күніне арналған «Отбасы және отбасылық құндылықтар» челленджіне қатысты.
Мақсаты: отбасылық құндылықтарды құрметтеуді, сүйіспеншілікті, адалдықты, жауапкершілікті қалыптастыру, отбасын бірге өмір сүретін, бір-бірін жақсы көретін, бір-біріне қамқорлық жасайтын адамдар ретінде елестету. Балаларды сыпайылыққа, жақын адамдарға қамқорлық жасауға үйрету.
Челленджге белсенді өмір салтын ұстанатын, көптеген іс-шараларға қатысатын Натикуловтар отбасы қатысты.