Оқиғалар мен іс-шаралар
«Адал азамат тәрбиелеген отбасы»
09.09.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасы барлық оқырмандар тобына арнап Отбасы күніне арналған «Адал азамат тәрбиелеген отбасы» челленджіне қатысты.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтарына құрметпен қарауды, сүйіспеншілікті, адалдықты, сыйластықты сезініп, отбасымен бірге өмір сүріп, әрдайым бір-біріне қамқор және тіреу бола білу қасиеттерімен көріне білу.
Осы челленджге қатысқан ауылымызда 30 — жыл қызмет атқарған мәдениет саласының қызметкері Попкова Екатерина Петровна, өзінің өмір жолдары туралы баяндап берді.
Жалпы қазақстандықтарды осы Отбасы мерекесімен құттықтап, жастарға бақытты өмір сүріп, өзара сыйластықта болу туралы айтты.