Оқиғалар мен іс-шаралар
«Қазақстандағы тіл саясаты – мемлекет құру құралы»
10.09.2024 ж Қазақстан халқының тілдері күніне орай Мариновка ауылдық үлгілі кітапханасы бір топ жасөспірімдермен «Қазақстандағы тіл саясаты – мемлекет құру құралы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Мақсаты: Әр ұлттың тілдері мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Өз ана тіліне, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылығын ояту, патриоттық сезімді қалыптастыру.
Жүргізушілер Қазақстан халықтарының Тілдер күні – көпұлтты елімізде тұратын халықтар достығы мерекесі екенін айтты. Шара барысында барлығы викторинаға белсене қатысты, сонымен қатар әр тілде өлеңдер оқыды.