Оқиғалар мен іс-шаралар

«Сиқыршылар қаласы»

12.09.2024 ж. Орталық аудандық балалар кітапханасында биыл 130 жасқа толған жазушы А.М. Волковтың мерейтойлық күніне арналған «Сиқыршылар қаласы»атты акциясы өтті. Ол бізге 85 жыл бұрын шыққан «Изумруд қаласының сиқыршысы» атты керемет кітап сыйлады.

Акцияның мақсаты-оқырмандарды жүйелі оқуға баулу, кітаптар мен балалар әдебиетіне деген қызығушылықты ояту, ертегі-повесть жанрының ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, жолдастық, рухани қасиеттер: мейірімділік, өзара көмек сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Клоун костюмін киген кітапханашы көшеде өтіп бара жатқан адамдарды Сиқырлы ел туралы кітаптар сериясының құрылу тарихымен таныстырды. Олар бірге ертегінің қызықты сюжеттері мен сүйікті кейіпкерлерін еске алып, жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді. Викторинаға қатысушыларға дұрыс жауаптары үшін шарлар мен түрлі-түсті буклеттер берілді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»